Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу

Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес, Байзақ ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Байзақ аудандық әкімшілігінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 496 «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу үшiн шарттық негізде үй-жайлар беру және барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2345 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1) осы қаулыны Байзақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Байзақ ауданының әкімі

 

Б. Казанбасов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Байзақ аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясы

Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу
Дата публикации
04 декабря 2023