Сайлау учаскелерін құру туралы

Сайлау учаскелерін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Байзақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.  Қосымшаға сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Байзақ ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
  2. Байзақ ауданы әкімінің төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Сайлау учаскелерін құру туралы» Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4023 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018  жылдың 11 желтоқсан жарияланған);

         2) «Сайлау учаскелерін құру туралы» Байзақ ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінін 2023 жылғы 22 тамыздағы № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5075 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2023 жылдың 31 тамызында жарияланған).

  1. Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инcпекторлық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді Байзақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы шешімнен туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

 

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Байзақ ауданының әкімі

 

Б. Казанбасов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Байзақ аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясы

Сайлау учаскелерін құру туралы
Дата публикации
04 декабря 2023