Қазақстандық зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай түсірілген Диалогтар сериясының кезекті шығарылымы экономист және саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұрынғы төрағасы (1998-1999 жж.), KASE Қазақстан қор биржасының экс-президенті (2009-2013 жж.), "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры (2017-2020 жж.) қызметтерін атқарған Қадыржан Қабдошұлы Дамитовтың қатысуымен өрбіді.
БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген сұхбатында Қадыржан Дамитов зейнетақы реформасы енгізілген сәттегі елімізде қалыптасқан ахуал, мемлекет экономикасын дамытудағы зейнетақы қорларының рөлі, БЖЗҚ алдында тұрған міндеттер, оларды жеңудің қиындықтары мен сара жолдары туралы айтып берді.