2023 жылдың 9 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс шамамен 1,4 трлн теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 652,8 млрд теңгеге немесе 91,1% артық.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.10.2023ж. жағдай бойынша сәйкес кезеңдегі инфляциядан ( 7,2%) асып түсіп, 8,89% жетті.
Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында ҚР және шетелдегі экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Инвестициялық портфельді әртараптандыру (инвестициялау құралдары мен нарықтарының алуан түрлілігі) зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді.