Қазіргі кезде көптеген қызмет түрлерін алған кезде мемлекеттік және қаржылық құрылымдар пайдаланушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін сұрайды. Салымшы(алушы) enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялықосымшасында Жеке кабинетіне кірген кезде БЖЗҚ осындай келісім беру туралы неге бір рет сұраныс жасайтынынбіліп жүрейік.
БЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауға міндетті.
Заңға сәйкес меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ, үшінші тұлға дербес деректерді жинау мен өңдеуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырады. Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында (7-бабының 1-тармағы) көзделген жағдайлар бұған жатпайды. Атап айтсақ, егер ақпаратты жариялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, дербес деректерді жинау және өңдеу әкімшілік құқық бұзушылық, атқарушылық іс жүргізу туралы істерді қозғап, қарайтын құқық қорғау органдарының, соттардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру үшін қажет болса, сондай-ақ, мемлекеттік органдар дербес деректерді міндетті түрде иесіздендіру шартымен статистикалық мақсаттар үшін пайдаланған кезде, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар.