Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша озық тұр?
2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет халықаралық рейтинг - CFA институты мен Mercer Consulting халықаралық кәсіби консалтингтік компаниясының (Австралия) бірлескен зерттеу жобасы болып табылатын Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексіне (бұдан әрі - Индекс) енгізілді. Жан жақты талдау және бағалау нәтижелері бойынша еліміздің зейнетақы жүйесі осы рейтингте 20 орынға ие болды
Зейнетақы жүйелерін кешенді зерттеуден тұратын осы жыл сайынғы жаһандық зейнетақы рейтингіне ғалам халқының 64% өмір сүріп жатқан әлемнің 47 елі кірді.
Mercer жаһандық зейнетақы индексі 50 түрлі алғышартты қамтитын, "лайықтылық", "тұрақтылық" және "тұтастық" сияқты үш суб-индекске біріктірілген алдыңғы қатарлы елдердің зейнетақы жүйелерінің ондаған көрсеткіштерін талдайды. MСGPI рейтингі 2009 жылдан бастап жарияланып келеді. 2023 жылы рейтингке енгізілген Қазақстан 64,9 балл жинап, "C+" бағасын алды. Дәл осындай баға алған Гонконг, АҚШ, БАӘ, Колумбия, Франция, Испания, Хорватия сияқты елдерден балл саны жағынан озық шықты. Есепке сәйкес, осы елдердің зейнетақы жүйелерінің күшті жақтары/қасиеттерімен қатар, ұзақ мерзімді тұрақтылық пен тиімділікке қол жеткізу үшін жоюы қажет кейбір кемшіліктері де бар.