Байзақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

Жоба

Байзақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған

туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 4-1-тармағына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Байзақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.

2.Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
13 ноября 2023