Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

ЖОБА

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес, Байзақ ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 қосымшағасәйкес белгіленсін.
  2. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар 2 қосымшағасәйкес берілсін.
  3. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1) осы қаулыны Байзақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Байзақ аудандық әкімшілігінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 496 «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу үшiн шарттық негізде үй-жайлар беру және барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2345 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
17 октября 2023