enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер- Инвестициялық қызмет" бөлімінде 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есеп ұсынылды. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 16 772,89млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері –16 759,31млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері10,28 млрд теңге.