2023 жылдың 8 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 1,04 трлн теңгеден асты. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 340,4 млрд теңгеге немесе 49% артық.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.09.2023ж.жағдай бойынша 6,77% құрады.
Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында ҚР және шетелдегіэкономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады.Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіледі. БЖЗҚ зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымындағыҚРҰБ-тың қаржы құралдары бөлінісіндеАҚШ долларында номиналданған қаржы құралдары – 30,70%, ұлттық валютада –69,28%.