БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте жаңа функциялар пайда болды

"БЖЗҚ" АҚ енді өзектілігі төмендеп бара жатқан пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілдерінен бас тарту үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың және хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қоюдың қажеті жоқ екенін хабарлайды.

Хабарлаудың бұл тәсілдерінен бас тарту үшін енді БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру жеткілікті.

Оны қалай істеуге болатынын түсіндіріп берейік:

  • БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру кезіндегі авторланудан өткеннен кейін салымшының (алушының) "Пошта байланысы қызметтері арқылы" және (немесе) "Электрондық пошта арқылы" белсенді хабарлау тәсілдерінің бар-жоғын жүйе автоматты түрде тексереді.
  • Жоғарыда көрсетілген хабарлау тәсілдерінің екеуі де, не біреуі ғана болған жағдайда салымшыға (алушыға): "Сізге "БЖЗҚ" АҚ Жеке кабинеті (веб-сайт немесе ұялы қосымшадағы) арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға рұқсат берілуіне байланысты Сіз "БЖЗҚ" АҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты бұрын өзіңіз таңдаған "Пошта байланысы арқылы" және (немесе) "Электрондық пошта арқылы" тәсілімен (тәсілдерімен) таратуынан бас тарта аласыз" деген хабарлама шығарылады. 
Дата публикации
16 октября 2023