Тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жасанды интеллект туралы

2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласында өткен "міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту перспективалары" жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында өткен панельдік сессияда қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі – "Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің болашағы: даму келешегі мен негізгі драйверлері" пікірталастың шыңы болды.

Сессия жүргізушісі – қазақстандық қаржыгер Әнуар Сәйденов. 

Сессия спикері, тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер (Канберра, Австралия) соңғы онжылдық ішіндегі ең келешегі зор технологиялардың бірі "Жасанды интеллект – зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудың досы ма, әлде жауы ма?"тақырыбында сөз сөйледі.

Баяндамашы жасанды интеллект 4-ші өнеркәсіптік революцияның маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын атап өтті. Ол қарыштап дамып келе жатқан және автоматтандыруды, өнімділікті арттыруға, қолжетімділік пен ауқымдылықты жетілдіруге, жаңа бизнес-модельдерді құруға бағытталғанәртүрлі технологиялардың кең ауқымын қамтитынын атап өтті.

Дата публикации
16 октября 2023