Сізге қай формат ыңғайлы?
2023 жылдың 8 айында (01.01.2023ж. бастап 31.08.2023ж. дейінгі кезеңде) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына 16,8 млн-нан астам қызмет көрсетті. Оның 11,6 млн-нан астамы (69,2%) - электрондық форматта, 3,8 млн (22,61%) - автоматты түрде, 500 мыңнан астамы (2,97%)- қашықтық форматтағы консультациялар түрінде болды. Осылайша, қызметтердің 94% астамы БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ көрсетіледі.
Ең сұранысқа ие қызмет жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер алу болып қала береді. Салымшылар мен алушылар ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу үшін 15,4 млн-нан астам рет жүгінді. Үзінді көшірмелердің басым бөлігі электронды түрде, яғни 11,6 млн - нан астам рет берілді. Қор кеңселеріне жеке өтінішпен келген кезде 405,8 мыңға жуық үзінді көшірме беріліп, 43 мыңнан астамы барып қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылды.