Жыл басынан бері отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының өсімі 2 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі негізгі көрсеткіштері 

 

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 16,76 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Олардың жыл басынан (01.09.2023ж.) бері өсімі 2,1 трлн теңге (14,3%) болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,8 трлн теңгеге (20%) өсті.

 

2023 жылдың 8 айында зейнетақы жарналарының сомасы 1 374,8 млрд теңге болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25% немесе 278,28 млрд теңгеге жоғары. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша – 25%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша – 26% көрсетті.

 

Дата публикации
16 октября 2023