БЖЗҚЕНПФ YouTube арнасында Григорий Александрович Марченкомен эксклюзивті сұхбат

2023 жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 25 жыл толады.

Осы  ширек ғасыркезеңді қорытындылай келе, біз БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін қалаушы, әзірлеуші тұлғалармен, сарапшылармен болған сұхбаттар топтамасын жариялауды бастаймыз. Олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іргетасын қалап, оны дамытуға белсене қатысты.

21.08.2023 ж. бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің сәулетшілерінің бірі Григорий Александрович Марченкомен сұхбаттың бірінші бөлімін тыңдаңыздар.

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Григорий Александрович сонау 1996-1997 жж., ортақ жүйенің банкротқа ұшырап, зейнетақыны төлеу бойынша кідірістердің алты айға дейін созылғанын, ал зейнетақы төлемі бойынша жалпы берешекшамамен $0,5 млрд болған кезде зейнетақымен қамсыздандырудың жүйесін жаңа тәсілмен реформалаудың қажеттілігі туындағанын әңгімелеп кетеді. Бұл ұрпақтар ынтымақтастығы қағидатын әркімнің зейнет жасындағы материалдық қамтамасыз ету бағытындағы  дербес жауапкершілігіне ауыстыруды көздеген қадам болатын.

Дата публикации
25 сентября 2023