3,6 трлн теңгеденастамқаражаттұрғынүйсатыпалуғажәне (немесе) емделуге берілген 1,8 млн өтінішкесәйкесуәкілетті оператор-банктердеашылғанотандастарымыздыңарнайышоттарынааударылды. Өздеріңізбілетіндей, зейнетақыжинақтарыназаматтартұрғынүйге, емделугенемесебасқарушыкомпанияларғааударуғаБЖЗҚ-дағызейнетақыжинақтарыныңқолжетімдісомасышегіндебірнешеретпайдаланаалады.
Тұрғын үйге
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 389 019 өтінішін орындады. Қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,3 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,3 млн теңге.
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға өтініштердің ең көп санын Алматы қаласының (18,2%), Астана қаласының (14%), Маңғыстау облысының (10,3%) тұрғындары жолдады. www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде азаматтардың біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштерді қандай мақсаттарға беретіні, оның ішінде өңірлер бөлінісі ("Біржолғы зейнетақы төлемдері мақсаттары бойынша" және "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімшелері) бойынша ақпарат орналастырылған.