БЖЗҚ ЕНПФ YouTube арнасында - Болат Жәмішовпен эксклюзивті сұхбат

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына

25 жыл толуына орай сұхбаттар топтамасы 

 

Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырудан көпқұрамдауышты зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшуді көздеген зейнетақы реформасы жүзеге асырылғалы да ширек ғасыр өтті.

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында мемлекет қайраткері, белгілі қазақстандық қаржыгер, "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішевпен зейнетақы реформасының неден бастау алғаны, іргетасының қалай қаланғаны, қателіктер мен қиындықтарды еңсеру тәжірибесі, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің не үшін қажет екендігі, оның эволюциясы мен мақсаты, сондай-ақ, тағы басқа да қызықты сәттер туралы сұхбат өтті. Болат Бидахметұлы зейнетақы реформасы тұжырымдамасын әзірлеушілердің бірі және оны іске асырудың белсенді қатысушысы ретінде танымал.

Жұмыс тобының құрамында Болат Бидахметұлы зейнетақы реформасын табысты іске асырған елдердің тәжірибесін зерделеді. Зейнетақы қорларының қызметін реттейтін және бақылайтын "Ұлттық зейнетақы агенттігін" бірінші болып басқарды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары лауазымында зейнетақымен қамсыздандыру бағытына жетекшілік етті.

Дата публикации
25 сентября 2023