"Бірыңғайжинақтаушызейнетақықоры" АҚ (БЖЗҚ) 2022 жылғаарналғанЖылдықактуарлықесебінжариялады. Онда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасында көзделген Қазақстанның зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша 2022 жылы жүргізілген БЖЗҚ кешенді актуарлық есептеулерінің негізгі нәтижелері ұсынылған. Тұжырымдама зейнеткерлердіңәртараптандырылған көздерден табыс алуын басты назарда ұстайтын зейнетақымен қамсыздандырудың көп деңгейлі моделін сақтауға, оның таратушы құрамдауышының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ міндетті жинақтаушы құрамдауыш бөлігін сақтап, нығайтуға бағытталған.