Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 15 млн қызмет көрсетті

Жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру мен жоспарлауға дербестендірілген көзқарасы бар жоғары технологиялық қаржы институты бола отырып, БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына өздеріне ыңғайлы форматта қызмет алуға мүмкіндік береді. Электрондық қызметтер басымдыққа ие. Ағымдағы жылдың 7 айында 10 млн астам операция (68,9%) электрондық форматта жүргізілді.

БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылының арқасында қызметтердің бір бөлігі автоматты режимде көрсетіледі. Операциялардың шамамен 23% (немесе 3,4 млн) жыл басынан бері осындай форматта іске асырылды. Өткен 7 ай ішінде алғашқы зейнетақы жарнасы түскен кезде автоматты түрде 191,3 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты ашылды. Бұдан басқа, автоматты режимде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнет жасына толуға байланысты төлемге өтініштер (жыл басынан бері 58 мыңнан астам) өңделді. Тұрғын үй және емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініштер уәкілетті операторлардан автоматты түрде келіп түседі (7 айда 116,8 мың).

Дата публикации
25 сентября 2023