БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі неліктен қажет екендігіне түсініктеме береді

БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржы және ақпараттық ағындарының бірыңғай әкімшісі және операторы. Ол заңнама талаптарына сәйкес салымшыларға (алушыларға) зейнетақы қызметтерін көрсетуге міндетті.

БЖЗҚ өзінің заңнамалық міндеттерін іске асыру кезінде салымшылардың (алушылардың), олардың сенім білдірілген адамдарының, заңды өкілдерінің дербес деректерін қамтитын ақпараттық жүйенің операторы/меншік иесі болып есептеледі. БЖЗҚ-дан қызметті алмас бұрын салымшы (алушы)/сенім білдірілген адам/заңды өкіл өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін береді.

Заңнамада көзделген қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ тек мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) қажетті ақпарат алмасуды жүргізеді. Мысалы, егер салымшы жеке куәлігін жаңартқан болса, онда бұл деректер уәкілетті мемлекеттік органдармен деректералмасудың арқасында БЖЗҚ ақпараттық базасында автоматты түрде өзектендіріледі. Салымшының деректері жеке тұлғаларға берілмейтінін ескертеміз.

Дата публикации
13 сентября 2023