Әлеуметтік кодекс салымшының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтеді

2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтарды көздейтін ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Олардың бір бөлігі салымшылардың өз активтерін басқару құқығын кеңейтуге қатысты.

Енді салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі бар. Ол үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді,басқарушы компанияны салымшы өз бетінше таңдай алады.

Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оны ИБП-ға толық көлемде бере алады.

Дата публикации
13 сентября 2023