Зейнетақы жинақтары жарты жылда 1,4 триллион теңгеге өсті

БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 шілдесіндегі негізгі көрсеткіштері 

 2023 жылғы 1 шілдеге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 16,1 трлн теңге сомаға зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Жыл басынан бері 01.07.2023 ж.олардың өсімі 1,4 трлн теңгені (9,6%)көрсетті. Өткен жылдың ұқсас күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,7 трлн теңгеге (немесе 20,1%) өсті.

Өсім жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түріндегі, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы - тұрғын үй мен емделу, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және т. б. мақсаттағы шығыс ағындары есебінен қалыптасты.

Дата публикации
13 сентября 2023