Отандастарымыз жарты жыл ішінде жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы11,5 млн-нан астам үзінді көшірме алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға (алушыларға) жарты жыл ішінде (01.01.2023ж.бастап 01.07.2023ж. дейін) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйітуралы11,5 млн-нан астам үзінді көшірме берді.Оның ішінде 8,7 млн (75,8%) электрондық форматта, автоматты режимде – 2,5 млн (21,4%), Қор кеңселерінде – 281,2 мыңы (2,4%) беріліпті. Осылайша, ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі болып қала береді.

Алты айда Қор салымшыларға (алушыларға) 12,5 млн қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық форматта – 8,8 млн., автоматты түрде – 2,7 млн. іске асырылған. Тиісінше, қызметтердің 92% қашықтан көрсетіледі.

Дата публикации
13 сентября 2023