Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Байзақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 19-7 шешімі (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қарашада № 3571 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні