ЖОБА
Байзақ ауданы бойынша 2023 жылға кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған шығыстардың
ең төмен мөлшерін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде №20284 болып тіркелген) сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Лауазымы Аты-жөні