Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, Бурыл ауылының «Байзақ датқа» және «Арай» алабындағы тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы

Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, Бурыл ауылының «Байзақ датқа»  және «Арай» алабындағы тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы

№14

Бурыл ауылы                                                                          17тамыз  2023 жыл

Жиналыс төрағасы – Бурыл ауылдық округі әкімі Е.Аширбеков

Хатшы – Бурыл ауылдық округі әкімі аппараты құжаттама-құрылымдық

бөлімшесінің басшысы Э.Шопанбаева

 

Қатысқандар:

  1. Бурыл ауылдық округі тұрғындары – 63 адам (тізімі қоса тіркелді)
  2. Бурыл ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері - 7 адам

 

Күн тәртібінде:

 

1.Бурыл ауылдық округі,  Бурыл ауылына қарасты  «Байзақ датқа» және «Арай» алабындағы көшелерге атау беру туралы

 

         Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе  бойынша ауылдық округ әкімі Е.Аширбеков,ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Қ.Тасболатов сөз сөйледі.

         Е.Аширбеков:2010 жылдан бастап  Бурыл ауылында халық санының көбеюіне байланысты ауылға жаңа алаптар қосылып, елдімекен жерлері кеңейтілген. Бүгінгі күнде ауылдағы жаңа алаптарда көше атаулары жоқ екендігін ескере келе, Республикалық ономастика комиссиясы ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында бекіткен «555 Тарихи тұлғалар», «380 Тарихи жер-су атаулары» және «298 Дәстүрлі атаулар» тізімдерді басшылыққа ала отырып, төмендегі көше атауларының тізімін ұсынып, бірауыздан шешімге келуді сұраймын.

         Байзақ датқаалабының 1-ші көшесіне  - «Салауат көшесі»

          2-ші көшесіне - «Жерұйық көшесі»

          3-ші көшесіне - «Тұмар көшесі»

          4-ші көшесіне - «Алаш көшесі»

         5-ші көшесіне  - «Көксай көшесі»       

          6-шы көшесіне - «Береке көшесі»

          7-ші көшесіне  - «Көктем көшесі»

         8-ші көшесіне -  «Ұлытау көшесі»

         9-шы көшесіне – «Арман көшесі»

          10-шы көшесіне – «Байқоңыр көшесі»

          11-ші көшесіне - «Құлан көшесі»

          12-ші көшесіне – «Балқаш көшесі»

          13-ші көшесіне – «Арал көшесі»

          14-ші көшесіне – «Тараз көшесі»

         15-ші көшесіне «Тұран көшесі» 

«Арай» алабының:

         6-шы көшесіне «Қайнар көшесі»

         11-ші көшесіне «Аңсар көшесі» деп атау беруін ұсынамыз.

 

Қ.Тасболатов: Менің айтарым көшеге атау беруге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін.

         Жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындарыашық дауысқа салып, бірауыздан қолдады. 

Қолдаушы: 65 адам

Қарсы:  жоқ

Қалыс: жоқ

Дата публикации
01 сентября 2023