Ішкі бақылау іс-шараларын тағайындау туралы

Ішкі бақылау іс-шараларын

тағайындау туралы

  

Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2023 жылдың тамыз айында осы бұйрықтың қосымшасында қарастырылған мемлекеттік мекемелерге 2022 жылдың өткен кезеңінде,
    2023 жылдың 7 айына көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары жүргізілсін.
  2. Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары жүргізілетін нысандардың тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларын жүргізу Байзақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы
    Әлиева Ұлпан Артыққызына жүктелсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

         Негіз: Байзақ ауданы әкімінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №106-Н/Қ өкімімен бекітілген жоспар.

 

Аппарат басшысының

міндетін атқарушы                                                            Б.Танашев

Ішкі бақылау іс-шараларын тағайындау туралы
Дата публикации
18 августа 2023