Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округі, Дихан ауылының «9 Май» көше тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы

Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округі, Дихан ауылының «9 Май»  көше  тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы №2

Дихан ауылы                                                                      12 шілде 2023 жыл

 Жиналыс төрағасы – Мырзатай ауылдық округі әкімі А.Оспаналиев

Хатшы  –  Мырзатай ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізуші бас маманы Қ.Ахимбеков.

Қатысқандар:

  1. Дихан ауылындағы көше тұрғындары – 86 адам (тізімі қоса тіркелді)
  2. Мырзатай ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері - 3 адам

Күн тәртібінде:

  1. Мырзатай ауылдық округі, Дихан ауылындағы 9 Май көшесіне қайта атау беру туралы

 

         Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе  бойынша ауылдық округ әкімі А.Оспаналиев, көше тұрғыны  О.Дарибаев сөз сөйледі.

         А.Оспаналиев: Дихан ауылындағы орысша аталған 9 Май көшесін  Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен «555 Тарихи тұлғалар», «380 Тарихи жер-су атаулары» және «298 Дәстүрлі атаулар» тізімдерді басшылыққа ала отырып, бірауыздан шешімге келуді сұраймын.

         9 Май көшесіне – грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері, Халықаралық спорт шебері, Еңбек сіңірген спорт шебері, алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионыЖақсылық Үшкемпіровтің есімін беруді ұсынамыз.

О.Дарибаев: Менің айтарым көшеге атау  беруге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін.

         Жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындары ашық дауысқа салып, бірауыздан қолдады. 

Қолдаушы:  86 адам

Қарсы:  жоқ

Қалыс: жоқ 

 

Мырзатай ауылдық округінің әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ: 

  1. Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округі, Дихан ауылындағы 9 Май көшесіне – «Жақсылық Үшкемпіров» көшесі деп  қайта аталсын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі бойынша жұмысшы топтың қарауына енгізілсін.

 

Жиналыс төрағасы:                                                           А.Оспаналиев

 Жиналыс хатшысы:                                                           Қ.Ахимбеков

 

Дата публикации
20 июля 2023