Байзақ ауданы,Мырзатай ауылдық округі, Мырзатай ауылының «Садовая» тұйық көшесінің, атауы жоқ жаңа көше тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы №1
Мырзатай ауылы 12 шілде 2023 жыл
Жиналыс төрағасы – Мырзатай ауылдық округі әкімі А.Оспаналиев.
Хатшы – Мырзатай ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізуші бас маманы Қ.Ахимбеков.
Қатысқандар:
Күн тәртібінде:
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауылдық округ әкіміА.Оспаналиев,көше тұрғыны Б.Джанкелбекова сөз сөйледі.
А.Оспаналиев:Мырзатай ауылында халық санының көбеюіне байланысты ауылға жаңа көшелер қосылып, елдімекен жерлері кеңейтілген. Бүгінгі күнде ауылдағы жаңа көше атауы жоқ және Садовая тұйық көшесіорысша аталған екендігін ескере келе, Республикалық ономастика комиссиясы ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында бекіткен «555 Тарихи тұлғалар», «380 Тарихи жер-су атаулары» және «298 Дәстүрлі атаулар» тізімдерді басшылыққа ала отырып, төмендегі көше атауларының тізімін ұсынып, бірауыздан шешімге келуді сұраймын.
Садовая тұйық көшесіне – «Бірлік» көшесі;
Жаңа көшеге – «Достық» көшесі деп атау беруін ұсынамыз.
Б.Джанкелбекова: Менің айтарым көшеге атауберуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін.
Жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындарыашық дауысқа салып, бірауыздан қолдады.
Қолдаушы: 21 адам
Қарсы: жоқ
Қалыс: жоқ
Мырзатай ауылдық округінің әкімдігі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Садовая тұйық көшесіне – «Бірлік» көшесі;
Жаңа көшеге – «Достық» көшесі деп қайта аталсын.
Жиналыс төрағасы: А.Оспаналиев
Жиналыс хатшысы: Қ.Ахимбеков