2023 жылдың 5 айында (01.01.2023ж. бастап 01.06.2023ж. дейінгікезеңде) Бірыңғайжинақтаушызейнетақықорыөзсалымшылары мен алушыларынашамамен 10,7 млн қызметкөрсетті. Оның ішінде 7,4 млн (69,83%) – электрондық форматта, 2,4 млн (22,24%) – автоматты түрде, 277 мыңнан астамы (2,60%) – ақыл-кеңес түрінде қашықтан көрсетілетін форматта ұсынылды. Осылайша, отандастарымыз зейнетақы қызметтерінің шамамен 95% қашықтықтан алады.
Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ең танымал қызмет – жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат беру. ЖЗШ-дан 9,8 млн. астам (барлық жүргізілген операциялардың 92,35%) үзінді көшірме 2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында берілді. Оның ішінде 7,4 млн (жалпы көлемнің 69,62%) - электрондық форматта, 2,2 млн үзінді көшірме (жалпы көлемнің 20,2%) - автоматты режимде, 235,7 мың (жалпы көлемнің 2,21% ) үзінді көшірме Қор кеңселерінен алынған.