Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтар қарастырылған.
Маңызды жаңалықтардың бірі – зейнетақы төлемдерін еңбек сіңірген жылдары үшін алушылардыңтұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) емделуге өз пайдасына немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалану мүмкіндігі.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдарға, оның ішінде әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан кем емесеңбек сіңірген жылдары бар және қызметтен босатылған кездеҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа толған өзге де адамдар жатады.