2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізіледі

2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР Әлеуметтік кодексі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу мәселелерін реттейтін нормаларды қамтиды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ қызметтері жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен және 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлер үшін ғана жүзеге асырылатын ЖМЗЖ есебін жүргізу міндетімен толықтырылады. ЖМЗЖ шамасы әрбір қызметкердің ай сайынғы табысынан есептеледі: 2024 жылғы 1 қаңтарда 1,5% мөлшерінен бастап, 2028 жылы 5% мөлшеріне жеткенше жыл сайын ұлғайып отырады.

"Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеме жарналардың кезең-кезеңімен өсіп отыруына байланысты азайды. Әлеуметтік кодекске сәйкес, жұмыс берушілер ЖМЗЖ-ны барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін туғандар үшін төлейді. Сондықтан ЖМЗЖ есебінен төлемдерді 2038 жылы зейнетке шығатын қызметкерлер ғана ала бастайды", - деп түсіндірді"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов.

Дата публикации
13 июля 2023