2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 493,4 млрд теңгеге жетті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік соңғы 12 айда 11,56% көрсетті.
Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді (ИПБ) басқарушылар инвестициялық кіріс алу мақсатында зейнетақы активтерін ҚР және шетелдік экономиканың сан алуан секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіледі. ҚР ҰБ қаржы құралдары бөлінісіндегіБЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі құрылымының 29% – АҚШ долларымен, 71% – ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарының еншісінде.