БЖЗҚ жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен (Мемлекеттік корпорация) бірлесіп, зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ БЖЗҚ-ға төлем үшін жүгінбеген адамдарды анықтау тұрғысынан салыстырып тексеруді жүргізеді.
Салыстыру нәтижелері бойынша 2023 жылдың басында жоғарыда аталған санаттағы 180 мыңнан астам адам анықталды.
Зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік корпорацияағымдағы жылдың сәуір айында мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі – МАБ) тіркелген алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу бойынша проактивті қызмет көрсетуге келісімін алу үшін sms-хабарламалар жіберді.