Қоғамдық кеңестің мүшелігіне сайлау өткізу туралы Х А Б А Р Л А М А

Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына байланысты Қоғамдық кеңестің өкілеттілігі тоқтатылған кеңес мүшесінің орнына конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Осы Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау үшін саяси партиялардан немесе өзге қоғамдық бірлестіктерден және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2023 жылдың 3 шілде мен 18 шілде аралығында қабылданады. (10 жұмыс күні мерзімінде)

 

Қоғамдық кеңес жанындағы жұмыс тобының мекен-жайы:

Сарыкемер ауылы, Ұ.Сыздықбаев көшесі  № 1.

байланыс телефоны – 2-17-78,

электрондық мекен жай: kogamdikkenes2016@mail.ru

қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін, үзіліс: 13:00-15:00.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

 

  • сотталғандығы болмауы;
  • сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
  • психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

  1. Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы немесе азаматтың өтініші.
  2. Өмірбаян деректері, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылуы қажет.

Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:

  1. Кандидатты тиісті Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының хаттамасынан үзіндіні.
  2. Саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
  3. Кандидаттың Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қосымша бойынша жіберіледі.

 

Байзақ аудандық

Қоғамдық кеңесінің төрағасы, жұмысшы топтың төрағасы                                   Ж.Құмғанбаев

 

Дата публикации
01 июля 2023