ХАБАРЛАМА
2023 жылдың 25 маусымында Байзақ ауданының, Түймекент ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы, №114, №115, №467 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Түймекент ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 4490 азамат енгізілді, олардың - 3072 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 5.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Смагулов К.Е. – 2208, Секеров Е.Т. – 470, Матекбаев Б.А. - 379.
Түймекент ауылдық округінің әкімі болып Смагулов Канат Ерубаевич сайланды, 1990 жылы туылған, Байзақ ауданы, Түймекент ауылдық округінің әкімі, Байзақ ауданының, Түймекент ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 25 маусымында сайланған Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясы