Байзақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы
№423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 25 қарашадағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №423қаулысындағы «Жамишжанов Алтынбек Миятовичке жеке меншік құқығындағы шаруа қожалығын жүргізу үшін жалпы көлемі 6,5 гектар» деген сөздерді «Жамишжанов Алтынбек Миятовичке жеке меншік құқығындағы шаруа қожалығын жүргізу үшін (кадастрлық нөмірі 06-087-003-2758) жалпы көлемі 5,0 гектар» деген сөздермен өзгертілсін.
- «Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Е.Турсынбек):
1) Жер учаскесінің құқығын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалы – Байзақ аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде тіркеу ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болат Мырзаханұлы Сағынбековке жүктелсін.
Аудан әкімі Б.Қазанбасов