ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ АКТІСІ
|
Қызыл жұлдыз ауылы |
№ 3 |
01.06.2023 жыл |
01.01.2022 ж. – 31.12.2022 ж.аралығындағы кезең қамтыла отырып,
2023 жылдың 1-2 маусым аралығында бақылау жұмыстары.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 2 тармағына сай, Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және біріңғай байланыс орталығына жібереді.
Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппаратымен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметтері (ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің 1.10.2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген) көрсетіледі. Заң бұзушылықтар анықталмады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті.
Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустың шақырту қоңырауы жұмыс жасамай тұр.
Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету жауапкершілігі 2023 жылдың 27 наурызынан бастап №8-ө Ж/Қ өкімімен бас маман М.Алтынбекқызына жүктелген.
Аталған жауапты тұлға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген.
Бұзушылықтар саны – 2
Бұзушылық дәрежесі: Елеусіз
Анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар:
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустың шақырту қоңырауының жұмысын қалпына келтіру;
- М.Алтынбекқызының мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша біліктілігін арттыру үшін тиісті қаржының бөлінуін ұйымдастырып, 2023 жылы аталған салада курстардан өту кестесіне енгізу;
Бұзушылықтарды жою мерзімдері: 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін.
Көрсетілетін қызметті алушыларға берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты ұсыну
Заң бұзушылықтар анықталмады.
Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтау
1) Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 4-қосымшасына сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 2-тарау, 6-тармақшасына сәйкес:
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Алайда, 2023 жылдың 7 сәуір күні түскен (№KZ14RBE00577881) өтініші 11 сәуір күні ғана қабылданған.
Бұзушылықтар саны – 1
Бұзушылық дәрежесі: Өрескел
Анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар:
- Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының
4-қосымшасына сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 2-тарау, 6-тармақшасына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
- Заңға сәйкес өтініш түскен күні (мереке, демалыс күнінен басқа) сол күні қабылданып, жұмыс мерзімдері сақталынуы керек;
- Жұмыс уақытынан тыс Е-лицензиялау ақпараттық жүйесіне кірмеу, мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процестерін сақтау;
- Заң бұзушылық дәрежесіне сәйкес ауылдық округі әкімі аппаратында жауапты тұлғаның тәрітптік жауапкершілік дәрежесін қарауды ұсынамын.
Бұзушылықтарды жою мерзімдері: 2023 жылдың 1 шілде айына дейін.
Ескерту: Кәсіпкерлік Кодекстің 152-бабының 9-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.
Аталған баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ақпарат берілмеген жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
Нұсқаманы енгізген:
Байзақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің
бас инспекторы Ұ.Әлиева
Нұсқамамен таныстым және
екінші данасын алдым:
Қызыл жұлдыз ауылдық
округінің әкімі м.а. Н.Құдайбергенов
Қызыл жұлдыз ауылдық
округі әкімі аппаратының бас маманы М.Алтынбекқызы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
Агенттігінің Жамбыл облысы
бойынша департаментінің бас маманы Т.Тілеукеев