ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ АКТІСІ

ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ АКТІСІ

 

Тегістік ауылы

№ 4

                          02.06.2023 жыл

 

  1. Бақылау және қадағалау органының атауы: «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі аппарат), Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №107, 000440004234
  2. Бақылауды жүргізген адамның (адамдардың), әкесінің аты және лауазымы: Байзақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Әлиева Ұлпан Артыққызы.
  3. Бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі, негізі: 18.05.2023 ж. № 42 бұйрық
  4. Бақылау жүргізілген күні, орны және кезеңі:

01.01.2022 ж. – 31.12.2022 ж.аралығындағы кезең қамтыла отырып,
2023 жылдың 1-2 маусым аралығында бақылау жұмыстары.

  1. Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы, БСН нөмірі, орналасқан мекенжайы: «Темірбек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі ауылдық округ) Тегістік ауылы, Қарабөгет көшесі №2, БСН 000440003830, округ әкімі. А.Утебаев, зерделеу кезінде қатысқан ауылдық округтің бас маманы А.Мадишев.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен өзге нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны үшін (Кәсіпкерлік Кодекстің
    152-1-бабының 3-тармағын ескере отырып) келесі шараларды орындау үшін нұсқама енгізіледі
    :

 

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 2 тармағына сай, Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және біріңғай байланыс орталығына жібереді.

Темірбек ауылдық округі әкімінің аппаратымен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметтері (ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің 1.10.2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген) көрсетіледі. Заң бұзушылықтар анықталмады.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған сары жолақ жасалынбаған.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету жауапкершілігі 2022 жылдың 05 қаңтарынан бастап №01-ө Ж/Қ өкімімен іс жүргізуші бас маман А.Мадишевке жүктелген.

Аталған жауапты тұлға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2023 жылдың 19-21 сәуір күндері аралығында «Ең алдымен-адамдар:мемлекеттк қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

 

Бұзушылықтар саны – 1

 

Бұзушылық дәрежесі: Елеусіз

Анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар:

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған сары жолақ жасату;

Бұзушылықтарды жою мерзімдері: 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін.

 

Көрсетілетін қызметті алушыларға берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты ұсыну

 

Заң бұзушылықтар анықталмады.

 

Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтау

 

Заң бұзушылықтар анықталмады.

 

Ескерту: Кәсіпкерлік Кодекстің 152-бабының 9-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.

Аталған баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ақпарат берілмеген жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.

 

 

 

Нұсқаманы енгізген:

 

 

Байзақ ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                                     Ұ.Әлиева

 

Нұсқамамен таныстым және

екінші данасын алдым:

 

 

Темірбек ауылдық

округінің әкімі                                                                             А.Утебаев

 

 

Темірбек ауылдық

округі әкімі аппаратының бас маманы                                            А.Мадишев

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

Агенттігінің Жамбыл облысы

бойынша департаментінің бас маманы                                            Т.Тілеукеев                

 

 

 

Дата публикации
13 июня 2023