ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ АКТІСІ
|
Сарыкемер ауылы |
№ 2 |
16.02.2023 жыл |
01.01.2022 ж. – 31.12.2022 ж.аралығындағы кезең қамтыла отырып, 2023 жылдың 15-16 ақпан күні аралығында бақылау жұмыстары.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 2 тармағына сай, Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және біріңғай байланыс орталығына жібереді.
Аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімімен «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген), «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген), «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген), «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығымен бекітілген), «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Заң бұзушылықтар анықталмады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті.
Аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету жауапкершілігі бас маман Д.Кенжебековтің функционалдық міндеттеріне енгізілген.
Аталған жауапты тұлға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген.
Бұзушылықтар саны – 1
Бұзушылық дәрежесі:Болмашы
Анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар:
- Д.Кенжебековтың мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша біліктілігін арттыру үшін тиісті қаржының бөлінуін ұйымдастырып, 2024 жылы аталған салада курстардан өту кестесіне енгізу;
Бұзушылықтарды жою мерзімдері: 2023 жылдың 1қыркүйегіне дейін
Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтау
«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген)
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және 1-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Осы заң бабына сәйкес жұмыс уақытынан тыс жауап берілген өтініштер:
1) 22.06.22ж түскен №KZ07RUA00531810 өтініші;
2) 01.04.22ж түскен №KZ12RUA00489622 өтініші;
3) 02.02.22ж түскен №KZ62RUA00461756 өтініші.
Бұзушылықтар саны – 3
Бұзушылық дәрежесі:Болмашы
Анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар:
- Э-лиценция порталына келіп түскен Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және 1-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Бұзушылықтарды жою мерзімдері: 2023 жылдың 1қыркүйегіне дейін
Ескерту:Кәсіпкерлік Кодекстің 152-бабының 9-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.
Аталған баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ақпарат берілмеген жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
Нұсқаманы енгізген:
Байзақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің
бас инспекторы Ұ.Әлиева
Нұсқамамен таныстым және
екінші данасын алдым:
Аудан әкімдігінің сәулет,
қалақұрылысы және құрылыс бөлімі басшысы Е.Садыров
Аудан әкімдігінің сәулет,
қалақұрылысы және құрылыс бөлімі бас маманы Д.Кенжебеков
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
Агенттігінің Жамбыл облысы
бойынша департаментінің бас маманы Т.Тілеукеев