БЕКІТЕМІН
Байзақ ауданы әкімі
аппаратының басшысы
__________ Е.Заурбеков
«___»________2023 жыл
Байзақ ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру,
заң бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстарын жүргізу бойынша
2023 жылға арналған кешенді іс-шара жоспары
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындалу мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау үшін Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесінің қарауына жататын мәселелер бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізу. |
Қоғамдық кеңесінің қарауына жататын мәселелер бойынша өткізілген кеңес хаттамасын толтыру, ұсыным мен ескертпелер енгізу. |
Тоқсан сайын |
Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Құмғанбаев, Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева,
|
|
2 |
2023 жылға арналған жоспарға сәйкес ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу. |
Жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары бойынша толтырылған АКТ, тексеру парағы. |
Тоқсан сайын |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева |
|
3 |
Мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында мәселелер, ұсыныстар мен ескертпелерге жауап беру мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бойынша онлайн жәрмеңке ұйымдастыру. |
Аудан әкімдігінің «facebook» әлеуметтік желісінің «Байзақ ауданы әкімдігі» ресми парақшасының тікелей эфир форматында жүргізіледі. |
Тоқсан сайын |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева,
|
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша жауапты мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткізу |
Қызметкерлердің тізімін «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Жамбыл облысы бойынша филиалына жолдау |
Тұрақты түрде |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева, Аудан әкімдігінің персоналды басқару қызметі бөлімшесі |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратының сайтында, ауыл және ауылдық округі әкімі аппараты мен аудан әкімдігінің бөлімдерінің ресми сайттарына тұрақты түрде хабарландыру жұмыстарын жүргізу |
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік желілерге жарияланған ақпараттар |
Тұрақты түрде |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева, Ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттары мен аудан әкімдігінің бөлімдері |
|
6 |
Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауыл және ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жұмыс атқаратын мамандарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілі мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының өкілінің шақыртылуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер, толықтырулар, қағида талаптарының сақталуы бойынша семинар оқыту жұмыстарын өткізу. |
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімі аппаратына ұсыныс хат жолдау |
2023 жылдың |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева,
|
|
7 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде бизнес-процестерді сақтамауын және көрсетілетін қызметті берушілердің материалдық-техникалық жарақтандырылуының әлсіздігін алдын-алу сонымен қатар, қағида талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, артық құжат талап етпеу және құжат топтамасы толық болмаған жағдайда Заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу, мерзім бұзу фактілеріне жол бермеу. |
Заң бұзушылықтың орын алмауы |
Тұрақты түрде |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева, Ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттары мен аудан әкімдігінің бөлімдері |
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есепке ұсынылатын статистикалық мәліметтерді аналитикалық анықтамасын тіркей отырып, нақты әрі сапалы ұсыну. |
Есеп түрінде |
Тоқсан сайын |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева, Ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттары мен аудан әкімдігінің бөлімдері |
|
9 |
Байзақ ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін тұрғындарға жеткізу және оны ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету жұмыстарының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау |
БАҚ бетінде жарияланған мақалалар, әлеуметтік желілерге орналастырылған материалдар, хаттама, фотоесеп |
Тоқсан сайын |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева, Ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттары мен аудан әкімдігінің бөлімдері |
|
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында орын алып отырған проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру, сапасын арттыру жөніндегі іс-шара жұмыстарын жүргізу. |
Ұсыныс жолдау |
Тоқсан сайын |
Аудан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Ұ.Әлиева, Ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттары мен аудан әкімдігінің бөлімдері |