ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 04 маусым Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының, 2-тармағы, 9-тармақшасына, 44-бабының, 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Байзақ ауданының Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы, №121 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1709 азамат енгізілді, олардың - 1097 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 13, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 2.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Досмұратов М.Қ. - 786; Сыздыков Т.С. - 179, Унетаев К.Н - 117;.
Үлгілі ауылдық округінің әкімі болып - Досмұратов Мейіржан Калжанұлы сайланды, 1995 жылы туылған, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында тұрады, Байзақ аудандық «Әл-Фараби» атындағы мәдениет үйінің директоры, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 05 маусымдағы шешімімен, 2023 жылғы 04 маусымда сайланған Байзақ ауданының Үлгілі ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясы