ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округі әкімінің аппараты 15 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 2,2% - ын құрайды (698).
2022 жылдың 12 айында өтініш түспеуіне байланысты ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.
2021 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер (2021 жылы 1 қызмет көрсетілген: жер учаскесінің нысанлы мақсатын өзгертуге шешім беру -1).
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені – жоқ.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылы 250 азаматауылдық округ тұрғындары қамтылған 14 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.