Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратының 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

2022 жылдың 12 айында Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппараты тарпынан 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде 3, қағаз түрінде 17.

Оның ішінде:

-  Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою - 3 қызмет.

- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 17 қызмет

2021 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 19-ге азайған (2021 жылы 39 қызмет көрсетілген: Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою "edugarden.kz" АЖ – 29 қызмет, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-10 қызмет).

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша  2022 жылы 345 ауылдық округі тұрғындары қамтылған 4 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
22 мая 2023