Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппаратының 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты15 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді. Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 2,2% - ын құрайды (698).

2022 жылдың 12 айында ауыл әкімінің аппараты тарпынан 4мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде 4, қағаз түрінде 0.

Оның ішінде:

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 4 қызмет.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2022 жылы 169 ауыл тұрғындары қамтылған 5 іс-шара ұйымдастырылды халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтінішүлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
22 мая 2023