Байзақ ауданы Көктал ауылы әкімі аппаратының 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕП

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округі әкімінің аппараты 15 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

Жалпы 2022 жылдың 12 айында 5 қызмет көрсетілді. (5- нысаналы мақсатын өзгерту).

2021 жылмен салыстырмалы түрде қарағанда көрсетілген қызметтер саны 3-ке азайды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылы 898 ауыл тұрғындары қамтылып, 12- іс-шара, 3-мақала жарияланған (әлеуметтік желелер). Ауыл әкімдігі ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
22 мая 2023