ҚР«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімінің аппаратымемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5түрін көрсетеді.
2022 жылдың 12 айында Бурылауылдық округі әкімінің аппараты тарпынан35 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Электронды түрде 11, қағаз түрінде 24.
Оның ішінде:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 11 қызмет.
-Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 9 қызмет
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 15.
2021 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны6 қызметке артқан(2021 жылы 29 қызмет көрсетілген:Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 7 қызмет,Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-10қызмет), - Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 12.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 1 мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзылу оқиғасы тіркелді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алған жоқ.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сондай ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2022 жылы 220ауыл тұрғындарының қамтылуымен4 іс-шара ұйымдастырылып, «Ауыл жаңалығы»газетіне және әлеуметтік желілерге(мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар)жарияланды.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтінішүлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.