Байзақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕП

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 66 қызмет, кіші түрімен қосқанда 127 қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

- қағаз түрінде – 8 қызмет түрі (6,3 %);

- электронды түрде – 45 қызмет (35,4 %);

- баламалы негізінде – 74 қызмет (58,3 %).

2022 жылдың 12 айында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 9153 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде– 8424 қызмет (92%);
  • қағаз түрінде– көрсетілмеген
  • қағаз түрінде (баламалы) – 729 қызмет (8%).

Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері 14 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

2022 жылдың 12 айында Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 5. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін бұзуға жол бермеу мақсатында аудан әкімі аппараты тарапынан бөлім башыларына, ауылдық округ әкімдеріне, жауапты мамандарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты тапсырмалар берілді.

Ішкі бақылау жұмыстары бойынша

Бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын ішкі бақылау жұмыстары Бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Дихан ауылдық округіне, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне, Суханбаев ауылдық округіне, Көктал ауылдық округіне, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне, Сазтерек ауылдық округіне, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және Бурыл ауылдық округіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 10 бұзушылықтар анықталды және 10 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.

Аудан тұрғындарының өтініштерін қабылдау және толғандырған сұрақтарын бір жерден қанағаттандыру мақсатында 2020 жылдың
26 тамыз күні аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратының 1-ші қабатында «Сервистік әкімдік» орталығы ашылды. Аталған орталықта аудан әкімдігіне қарасты 5 бөлім қызмет көрсетуде олар: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары орналасып, халыққа қызмет көрсетеді.

«Сервистік әкімдік» арқылы ауыл тұрғындары консультативті көмек және электронды қызметтердің көптеген түрлерін алады. Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимарат ішінде алуға мүмкіндік беретін жаңа сервистік әкімдік ашықтық пен қолжетімдік талаптарына сәйкес әрі жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін азайтуға ықпал етеді.

2022 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша сервистік әкімдікте барлығы – 4335 қызмет көрсетілді. Оның ішінде: электронды түрде – 3815 қызмет көрсетілсе, кеңес түрінде - 520 адамға көмек берілді.

Сонымен қатар, орталықта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Аталған бұрыштан электронды кызметтің 40 қа жуық қызмет түрін алуға және ауданның кез-келген тұрғыны электрондық цифрлы қолтаңбасы арқылы өзіне қажетті қызметті алуына мүмкіншілік бар.

18 ауылдық округте «Цифрландырылған ақпараттық орталықтар» ашылып, олардың саны 24-ке жетті. 2022 жылдың
12 айдың қорытындысы бойынша 25000 қызмет көрсетілді. Аталған орталықтарда жергілікті тұрғындар халыққа көрсетілетін қызметтің
26 түрімен кедергісіз қамтыла алады (1.ЭЦҚ ашу; 2.Электрондық түрде неке қиюға өтініш беру; 3.Тұрғылықты мекен жайын растайтын анықтама алу; 4.Жеке тұлғаның атында мүліктің бар- жоғы туралы анықтама; 5.Соттылығының бар-жоғы туралы анықтама алу; 6.Психодиспансерде тіркеуде тұрмайтындығы туралы анықтама алу; 7. Наркодиспансерде тіркеуде тұрмайтындығы туралы анықтама алу; 8. Баланың тууын тіркеу; 9. Бала туылғанда берілетін бір жолғы және бір жасқа дейін жәрдемақыға өтініш беру; 10.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар(ауыртпалықтар)  және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру; 11. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою; 12. Жерге кезекке қою; 13. ҚР халыққа тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару; 14. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу; 15. Архивтік анықтамалар,  архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру; 16. Медицилық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық  ұйымға бекіту; 17. Мектепке дейінгі  ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды( 6 жасқа дейін)  кезекке қою; 18. Қайтыс болуды мемлекеттік  тіркеу туралы хабарлама ашу; 19.Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру; 20. Тубдиспансерде тіркеуде тұрмайтындығы туралы анықтама  алу; 21. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға,  филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама алу; 22. Жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болмауы ( болуы)  туралы анықтама беру; 23. ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы ( болуы)  туралы анықтама беру; 24. Мемлекеттік қызметшілерді,  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміркерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеуге өтініш беру; 25. МБТ: 26.Ауруханаға тіркеу.).

Аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 84 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 2433 халық қамтылды.  Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  4 онлайн жәрмеңке өткізілді.

Дата публикации
18 мая 2023