БЖЗҚ 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының ("МЖЗҚ"ЖЗҚ" АҚ) базасында құрылды. Барлық жеке қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелері БЖЗҚ-ға берілді.
Жеке зейнетақы шотынан (бұдан әрі - ЖЗШ) үзінді көшірме алу - бұл салымшылардың (алушылардың) заңмен бекітілген құқығы.ЖЗШ ашылған жеке тұлғаға оның сұранысы бойынша ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынған күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ ақысыз беруге, сондай-ақ, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткізудің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.