Инвестициялық портфельді басқарушылар: қалай таңдау керек және нені білген дұрыс?

Біздің зейнетақы жинақтарымыз зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кірістерден тұратыны белгілі. Зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі, ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) да айналысады. Зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен сенімгерлік басқарудың басты мақсаты – түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және табыс алу.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы қаңтардан бастап заңнамаға сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы. Бұл құқықты зейнет жасына толмаған, МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен "ең төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ, сақтандыру компанияларымен өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан салымшылар пайдалана алады.   

Дата публикации
18 мая 2023